Шымкенттік жас экологтар жүлделі орын алды

Сайт әкімшілігі

17.10.2020, 10:39

75

Нұр-Сұлтан қаласында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумы онлайн-форматта  өтті. Білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениеттілік пен  сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған форумға  Шымкент қаласы атынан қалалық кезеңде жеңімпаз болған 6 оқушы қатысты. Бұл туралы қалалық білім басқармасының мамандары мәлімдеді.

Жыл сайын республика көлемінде өткізілетін форум 6 номинация бойынша ұйымдастырылды. Олар: виртуалды саяхат бойынша «Туған өлке тарихы» номинациясы, зерттеу жобалары — «Жасыл экономика» номинациясы мен «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы, видеороликтер презентациясы  бойынша «Экоболашақ» номинациясы, экодизайнерлер бойынша «Жасыл оазистер» номинациясы мен «Жеңіс мамыры» — панно немесе коллаж байқауы.

«Табиғатты аяла» форумның республикалық кезеңінің қорытындысының нәтижесінде №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының оқушысы Әсеретбек Нұрасыл Нұрланұлы «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша І-орынды иеленіп, ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының I-дәрежелі дипломымен  және бағалы сыйлығымен марапатталды.

Ал «Экоболашақ» номинациясы бойынша №89 IT мектеп-лицейінің оқушысы Борашева Сара Асанқызы ынталандыру сыйлығын алды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласынан қатысқан топтың жетекшісі «Экология, өлкетану және туризм орталығы» КММ әдіскері Алагозова Салтанат ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының алғыс хатымен марапатталды. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мариям МАҚСАТ 24.11.2020, 17:49
Ұлттық Ұлан сарбаздары Павлодарға жете алмай әлек болды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 16:57
Қар жауғанда тал егу қаржы жымқырудың тәсілі емес пе?
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 24.11.2020, 10:30
Орман оталса, Орал «өкпесінен» айырылады
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 23.11.2020, 18:46
Қызылордада жаңа әуежай салынбайды
Сайт әкімшілігі 23.11.2020, 16:59
"Ешбір тыйым болмай тұрған тойларды тоқтату керек" - Шөкеев
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.11.2020, 12:59
13 жастағы жасөспірім жоғарғы қабаттан құлады

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42
  • Семинарға сенбеңіз, қаржылық сауаттылық туралы оқытқан алаяқ ұсталды
    23.11.2020, 10:49
  • Ауыз шаюға арналған сұйықтық коронавирусты емдей ме?
    23.11.2020, 09:56