Шымкенттің ирригация жүйелері жаңаруда

Сайт әкімшілігі

27.09.2020, 09:39

407

Шымкент қаласында су басудың алдын алу мақсатында ирригация жүйелерінің негізгі артериясы саналатын Жаңа Шек каналының Казбакалейторгтан Аймаутов көшесіне дейінгі арнасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Арна ұзындығы 11,8 шақырымды құраса, биыл соның 4,4 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.

Сонымен қатар, арнайы мамандар ұзындығы 97,7 шақырым келетін 9 өзен-каналды және орталық көше бойындағы 485 шақырым ирригициялық жүйелерге санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың арасында Қошқар ата, Қара су өзендері мен Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа Шек, Компас, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдары бар.

Жыл басынан бері 48,2 шақырым өзен арналары тазаланды. Оның ішінде 31,7 шақырым өзен-канал арналарыны қолмен тазаланған болса, ал 16,5 шақырымына механикалық тазалау жүргізген.

Бұдан бөлек, су алу қауіпі бар 32 мекенжайға 14,2 шақырым ирригациялық жүйе салу жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар нәтижесінде Бәйдібек би көшесіндегі «Алтын сарай» тойханасының алды, Төлеметов көшесіндегі Айбол аялдамасы, Бабашұлы көшесіндегі №115 мектептің алды, Көшеров көшесі, Жібек жолы көшесі Тесік көпір өткеліндегі мәселелер шешімін таппақ.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31