Сыр жұрты арда азаматтарды ұлықтады

Миуа БАЙНАЗАРОВА

01.10.2020, 11:05

1188

Сыр  өңірі  «елім»  деп еңіреп  өткен жалаңтөс  батырлармен бірге, елі,  жері  үшін  толағай  қызмет  атқарған  нар  тұлғаларға   толы. Жақында  Сыр  жұрты  мақтан  тұтатын  бірнеше  азаматқа  өздері туған жерінде ескерткіш  мүсіндер  ашылып, құрмет көрсетілді. 

Қайраткер есімі ұлықталды

Нақтылап айтатын  болсақ, алғашқысы Ұзақбай Қараманов. Егемен халықтың еңсесін тіктеуде Ұзақбай Қарамановтың еңбегі зор. Қарапайым балықшы әулетінде дүниеге келіп, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Премьер-министрі болған қайраткер есімі әркез ел жадында сақтаулы. Аралда өткен іс-шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Сондай-ақ теңізді өлкеде дүниеге келген тұлғаның аты аудан орталығындағы №262 мектеп-гимназиясына берілді. Осы  салтанатты  жиында  сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері Құдайберген Саржанов:

– Аралда салынған ең үлкен мектепке Ұзақбай Қарамановтың атын бергені біз үшін үлкен қуаныш. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосқан аралдық азаматпен мектепте бірге оқып, жас күнімізде осы ауданда бірге қызмет те істедім. Екеуміз де теңіз байлығын сүзген балықшылардың баласымыз. Ол 1958-1964 жылдары облыста қызмет істеп, одан кейін сол кездегі астана – Алматыға жұмыс бабымен ауысты. Құрылыс маманы еді. Сол саланың барлық сатысынан өтті. Ұялыдан шыққан Ұзақбай өз білімі мен қажыр-қайратын елге қызмет жолына арнап өткен адам, – дейді.

Ұзақбай  Қараманов атын иемденген 1200 орындық мектеп-гимназия 2009 жылы пайдалануға берілген. Шара барысында министр, облыс басшысы және Ұ.Қарамановтың ұрпақтары мен замандастары қайраткерге арналған мектеп ішіндегі музей жұмысымен танысты.

Елі үшін тер төккен

Сондай-ақ осындай  айтулы  шара Қызылорда қаласында да  өтті. Онда мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ар­да­гері Ыдырыс Қалиевтің ескерткіш-мүсінін ашу рәсімі болды. Шараға облыс әкімі Гүл­шара Әбдіқалықова, соғыс ардагерінің жары Қалзира Қалиева, қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері қа­тысты.  Шара барысында алдымен, Қа­зақстан Республикасының Мем­­лекеттік хатшысы Қырым­бек Көшербаевтың Сыр жұртшылығына арнайы жі­берілген құттықтау жедел­хаты оқылды.  Онда: «Қасиетті Сыр өңірінде дүниеге ке­ліп, еліміздің жарқын бола­шағы жолында қажырлы қызмет еткен тарихи тұлға Ы.Қалиевтің ескерткішінің Қызылорда қаласында орна­ласуы – өскелең ұрпақ үшін ерекше үлгі-өнеге. Халқымызға талай біртуар қайраткерлерді тарту еткен Сыр елінде өскен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері тәуелсіздіктің елең-алаң жылдарында жаңадан шаңырақ көтерген жас мемлекет басшылығының сараб­дал саясатын жүзеге асыруда ерекше еңбек сіңір­ді. Аймақтың абыройлы қайрат­кері Ы.Қалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық  және рухани дамуына бар күш-жігерін салды. Ғибратты ғұмырдың үлгісін көрсеткен  тарихи тұлғаның тұғыртасы өскелең ұрпаққа өнеге болсын» делінген. Облыс әкімі  шарада барша қызылордалықтарды айту­лы мерекемен құттықтап, Ы.Қалиевтің елге сіңірген еңбегін атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Батырхан Тоғызов 20.10.2020, 10:58
Әр адамның еңбек өтілі дербес есептелсін
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 20.10.2020, 10:51
Биотехнопаркті мақсат еткен Аэлита
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.10.2020, 10:41
Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:17
Карантиндік шектеулер күшейтілді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 20.10.2020, 10:13
Күштінікі – диірмен тартады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 20.10.2020, 10:05
Қарағанды билігі жасыл желекке неге шүйлікті?

Аңдатпа


  • Мырзан Кенжебай: Менің атымды жамылған кім?
    20.10.2020, 14:28
  • Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр
    20.10.2020, 10:41
  • Мақаншыда «қинау» фактісі бойынша ауыл тұрғыны полиция қолынан қаза тапты (видео)
    19.10.2020, 15:16
  • Ашық хат
    15.10.2020, 10:44
  • Билік жұртта қалған елу отбасыны көшіре алмай отыр
    15.10.2020, 10:38