Тосын бейнеүндеу қарағандылықтарды қайран қалдырды

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

27.04.2021, 14:51

1257

Қарағанды облысының  беймәлім тұрғынының Қазақ халқына қатысты айтқан  жағымсыз бейнеүндеуі бүгін әлеуметтік желіде жылдам тарап кетті.  Құқық қорғау органының өкілдері жедел арада  тарап кеткен бейнежазбаның авторын көп ұзамай ұстап үлгерді.  Орын алған оқиғаның растығын облыстық полиция департаменті ресми хабарлап отыр.  

-«26 сәуір күні полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 174 бабында көрсетілген «Ұлттық алауыздықты қоздыру» белгілері бар белгісіз азаматтың бейнеүндеуі анықталды. Полиция қызметкерлері бейнежазбаның авторы 27 жастағы Жезқазған қаласының тұрғынын ұстады. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды»-деп мәлімдеді,  департаменттің баспасөз қызметі.

Темір торға тоғытылған азамат өз ісіне өкініш білдіріп, Қазақ елінен кешірім сұраған бейнежазбасын жолдапта үлгерді.

— «Ғаламторға салынып кеткен «былапыт» сөздерім үшін Сіздерден кешірім сұраймын. Менің қазақ достарым бар, ешқайсымен керісіп көрген емеспін. Кешірім сұраймын»-деп қиылды, әбестік жасаған жауапкер.

         Оқиғаға төрелік айту біздің құзырымызға кірмейді. Ендігі шешім құқық қорғау орындарының еншісінде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:10
Сүйек-саяқты қанағат тұтып...
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.10.2021, 16:02
Жазықты сытылып кетсе, жазықсыз соттала ма
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 19.10.2021, 14:34
Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті
Б.ЕРНАЗАР 19.10.2021, 07:21
Жемшөп Шымкентте дайындалады
Сайт әкімшілігі 18.10.2021, 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31