Түркістан халықаралық қалаға айналып келеді

Сайт әкімшілігі

16.02.2021, 18:50

144

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында есеп берді. Облыс әкімі өз баяндамасында аймақ дамуының негізгі деген бағыттарына тоқталды. Әлем экономикасын құлдыратқан пандемияның салдары ел өміріне де өзгерістер енгізгенін ескерген облыс басшысы өткен жылды жалпы алғанда, Түркістан облысы нәтижелі аяқтағанын айтты. Экономикада өсім, салықта түсім бар. Жалпы өңірлік өнімінің өсімі бойынша облыс республикада өңірлер арасында 1 орында. Бюджет қаржысы толығымен игерілген. Агросалада да айтарлықтай алға жылжу бар. Инвестиция тарту бойынша облыс өте жоғары көрсеткіштермен жылды қорытындылады. Ауыл шаруашылығы саласы көш ілгері. Өңір басшысы өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс пен әлеуметтік салаларға, туризм, инфрақұрылымды дамыту мен Түркістан қаласының дамуы туралы атқарылған жұмыстарды баяндады.

«Түркістан халықаралық деңгейдегі қалаға айналып келеді. Қаланы әрі қарай дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз. Биыл өңір үшін елеулі оқиға болғалы отыр. Кентау шекарасының кеңеюі, халық санының артуы, өңірдің қарқынды дамуы мен аумақты ұтымды басқаруға біршама қиындықтар туындатты. Осыған орай, жаңа аудан құру туралы ұсыныс енгізіліп, жаңа ауданға «Сауран» атын беру, ортағасырлық тарихи сабақтастықты жалғастырып, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі Түркістан ұғымымен байланысты болды»,-деген Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды 17-ауданның құрылуымен құттықтады.

«Сауран» ауданын Наурыз мерекесі қарсаңында құру жоспарлануда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:10
Сейітқазы Матаев: Төртінші билік? Биліктің көзіне шыққан сүйелміз
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.10.2021, 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01