11.10.2021, 11:07
264
Түлкібас ауданына қарасты Азаттық елдімекенінде ағайынды Әбдухалық пен Әбдіразақ Сайдовтардың демеушілігімен 300 млн. теңге қаржыға мешіттің құрылысы жүргізілуде. Нысан құрылысы алдағы қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт ерекше сәулеттегі мешітке арнайы барып, құрылысымен танысты. Игі бастамаға мұрындық болған Сайдовтар отбасына аудан тұрғындары және өз атынан алғысын білдірді.
Айта кетейік, жаңа мешітте 2 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. 1 гектер жерді құрайтын мешіт аумағы толығымен абаттандырылып, жасыл желек отырғызылатын болады.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР