Үздіктерге үміт артқан Алтынбеков

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

31.05.2021, 08:40

1866

Жезқазған қаласында Халықаралық   «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты,  Бекзат Алтынбековтың демеушілігімен, аймақтағы орта мектептің үздік оқушыларына дәстүрлі шәкіртақы тапсырды.  Мұндай құрметке 21 шәкірт ие болды. Биылғы марапат  Алаштың ардақты тұлғалары: Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбайтегі, Баубек Бұлқышев, Кеңес одағының батыры, даңқты ұшқыш Нүркен Әбдіров және ұлт ұстаздары мен басқа да мемлекет және қоғам қайраткерлері атындағы номинациялар бойынша берілді.

-«Жарқын бастаманың мақсаты-жас өреннің жарқын болашаққа деген сенімі мен үмітін үндестіріп, рухани жаңғыру арқылы әлем мойындар табысты ел болуға, білім мен білігін туған отанын өркендетуге  арнауға ұмытылдыру. Білімді ұрпақтың ұтары көп екенін санасына сіңіре отырып тәрбиелеу»,-деді шырайлы басқосуда сөз алған Бекзат Қомарұлы.

Зейінді балғындарға ақшалай сыйлықты қала басшылары, білім саласының ардагерлер ұстаздары үлестірді. Мәрт тұлғаның марапатына ие болған мейман балалар салтанатты рәсімнен кейін Жошы хан мен Алаша хан  кесенесіне саяхаттады.  Айта кеткен жөн, ұлт болашағының өркен жаюына патриоттық тұлғасымен, өнегелі ісімен сүбелі үлес қосып келе жатқан  арқаның атымтай жомарты Бекзат Алтынбеков  облыстағы үздік оқушылар мен аз қамтылған, көп балалы отбасылардың және қамқоршысынан айырылған  өрендерге  15 жылдан бері шәкіртақысын табыстап келеді.

Тегтер: шәкіртақы үздік оқушы білім

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49