Ысқақов ісі аяқталуға жақын

Нұр-Қасым ЖОМАРТ

10.12.2020, 11:50

1980

Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісі бойынша қалалық №2 сотта жарыссөз аяқталды. Іс бойынша үкім 10 желтоқсанда оқылмақ. Осы уақытқа дейін айыптаушы және қорғаушы тараптар сөз сөйледі, барлық айғақтар тыңдалды, ал соңғы сөзінде: «Айыптау  куәгерлердің жалған айғақтарына және жәбірленуші Абдрахимованың жалған құжатына негізделген», – деген Ысқақов Арысқа жиналған аймақ тұрғындарының қаржысына ешқандай қатысы жоқтығын айтты.

– Қазір біз Қызылорда облысы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған, атап айтқанда, «Сыр мейірімі» қоғамдық-әлеуметтік қорына тиесілі 80 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін қылмыстық істі қарауды аяқтап жатырмыз, – деді Ысқақовтың адвокаты Асылбек Жұмағұлов.

Сотта куәгерлер ол миллиондардың Түркістандағы шығыс моншасын салуға кеткенін растапты.

– Қайрат Ерназаровтың айғақтарынан Түркістан қаласында шығыс моншасын салуға 80 миллион теңге көлеміндегі қаражат толық пайдаланылғаны белгілі. Қалған үш кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары да мұны растады, – дейді адвокат А.Жұмағұлов.

Сондай-ақ «Бақ-береке 2030» ЖШС бас бухгалтері және куәгер, облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы М.Әлсеріков те Түркістан қаласындағы шығыс моншасын салуға қор қаражатын пайдалану туралы көрсеткен.

– Қор қаржысы қалайша қолды болуы мүмкін, егер ол ақша толығымен шығыс моншасының құрылыс жұмыстарына жұмсалса?! Сот отырысы барысында анықталған істің мән-жайларынан алаяқтық жолмен бөтен мүлікті жымқыру болмағаны, қордың ақшалай қаражаты олардың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағанын басқа жолмен бағалауға болады, бірақ алаяқтық ретінде емес. Ал басқа айыптаулар бойынша барлық кінәлілерге айып тағылмағандықтан, оларға қорға қатысты өз мәселелерін азаматтық-құқықтық тәртіппен шешу мүмкіндігін бере отырып, толық ақтауға болады, – дейді қорғаушы.

Осы іс бойынша арнайы брифинг өткізу сот үкімі жарияланған соң жоспарланып отыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:30
Жазғы лагерьлерге баратын балалардың саны артты
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:00
Жастар қолдауды күтеді...
Сайт әкімшілігі 26.05.2022, 16:15
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.05.2022, 12:00
Шымкентте «Alan» халықаралық мектебі пайдалануға беріледі
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 10:30
Келесте 14 мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды
Сайт әкімшілігі 23.05.2022, 09:43
Коронавирус жұқтырған жеті қазақстандық ауыр жағдайда жатыр

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47