04.12.2020, 10:12
1028
Жаңаөзенде белгісіз біреулер банк инкассаторларын тонап кетті, деп хабарлайды «Жас Алаш»
Ақпарат YEDILOV ONLINE Телеграмм-арнасында пайда болды.
Кейбір мәліметтер бойынша, Жаңаөзенде 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18: 40-та «Көктем» ықшам ауданында орналасқан банк бөлімшесінен ақша алып, көлікке мінген инкассаторларға суық қарумен төрт қылмыскер қарақшылық шабуыл жасаған.
— Қылмыскерлер кассадан жаңа ғана жинап алынған, жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын үш қап ақша мен мульти-кассетаны, 19 696 АҚШ долларын, 495 450 Ресей рублін иемденген. Жүргізуші /инкассатор өздеріне шабуыл жасаушылар мінген ақ «Нексиясының» соңынан қуып, 5 рет оқ атқан. Жаңаөзен қалалық полиция бөлімі "Ұстау" жоспарын жариялады, — деді Телеграмм-арнада.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР