"Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

13.01.2021, 07:11

2332

Былтыр қазан айында  «Жас Алаш»» газетінде «Егіндібұлақ елінің еңсесі езіліп тұр» деген тақырыппен сын мақала жарық көріп, онда жекешелендіру тұсында тоқырауға тап болған  Қарқаралы ауданына қарасты  Егіндібұлақ ауылы (бұрынғы аудан)  тұрғындарының тұралаған тұрмысы  туралы өзекті мәселелер  көтерілген болатын.  Ауыл жұртшылығы  облыс орталығы мен ауыл арасына қатынайтын қоғамдық көліктің әлдеқашан  тоқтап қалғанын, жергілікті емхананың жағдайы жадағай күйге түскенін  және  көше қараңғылығынан түнде жүріп-тұру қиынға соққанын  айтып шағынған-ды.

Мақала жарық көрген соң, Егіндібұлаққа облыс әкімі  барып, мәселенің мән-жайымен танысты. Өңір жетекшісі сапар барысында ілгеріде басталған мәдениет үйі мен орта мектептегі күрделі  жөндеу жұмысының  атқарылу барысын көріп, біздің басылымда  арқау болған проблемаларды шешуді қолға алды.  Бөлінген қаржының мақсатты игерілуіне бақылау жасауды жергілікті әкімдерге тапсырды.  Арада  екі жарым ай өткен соң, ауыл халқы еңсесін тіктей бастады.  Атап айтқанда, ауылдағы үш көшеге ауызсу құбыры тартылып,  26 бағдаршам орнатылды,  мәдениет  үйі мен  К.Смайылов атындағы орта мектеп жаңа тұрпатқа еніп, пайдалануға берілді, сондай-ақ 12 науқасқа арналған стационарлық бөлімше ашылып, жылға жуық тоқтап қалған Егіндібұлақ–Қарағанды рейстік автобусы қайта қатынай бастады. Облыс орталығынан 280 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенге  жүретін автобустың  құны тұрғындардың қалтасы көтерерліктей – билет бағасы 1250 теңге.  Ауыл әкімі Мейірлан Темірхан жасалған жұмысты бізге  слайд  түрінде жүктеп жіберіпті.

 «Жас Алаш» көтерген мәселеге бейжай қарамаған атқамінерлерге  біздің де, елдің де алғыстан басқа айтары жоқ.

Тегтер: мәселе қоғам түйін түйіткіл

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 13:40
«Жаңа Қазақстан» және Президенттік кадр резерві
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27