29.07.2021, 12:29
8022
Республикалық «Жас Алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне орай БАҚ өкілдерінің арасында Таразда бильярдтан республикалық турнир өтті. Турнирге еліміздегі мерзімдік басылымдар мен телеарналардың журналистері қатысты.
Бильярд бәйгесіне Алматы, Шымкент, Түркістан облысының БАҚ өкілдері қатысып жатыр.
«Жас Алаштың» меншікті тілшісі болған Көсемәлі Сәттібай және Бекет Момынқұл, Оралхан Дәуіт мырзалар аталмыш турнирге арнайы келді.
Бұған дейін «Жас алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойы құрметіне бильярдтан турнир еліміздің өзге де өңірдерінде өтті. 100 жылдық құрметіне ең алғашқы турнир Алматы қаласында өтіп оған еліміздегі мерзімдік басылымдар мен телеарналардан 41 журналист қатысқан болатын.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР