«Жас Алаштың» жүз жылдығына арналды

Н.Әбдіғали

29.03.2021, 15:31

2396

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Жас Алаш» газетінің 100 жылдық мерейтойына арнап арнайы іс-шара ұйымдастырды.

Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, ардагер журналист, қаламгер Қалыбек Атжан, Жамбыл облыстық «AQJOL» газетінің бас редакторы, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Оралхан Дәуіт, «Жас Алаш» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Нұрболат Әлдибеков, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев және өзге де қонақтар алғашқы нөмірі жарық көргеніне жүз жыл толып отырған «Жас Алаш» газетінің арғы-бергі тарихынан сөз қозғап, әсерлі әңгімелер, естеліктерімен бөлісті.

Іс-шараға қатысушылар ғасырлық тарихы бар, 1921 жылдан бастап жарыққа шыққан қазіргі «Жас Алаш» газетінің қашанда әділдікті ту еткен, елдің сөзін сөйлеген, оқырманға қажетті дүниені ұсына білгенін, сонысымен өзге басылымдардан ерекшеленетінін айтты.

Өз кезегінде басылымның «Лениншіл жас» деп аталатын кезінде еңбек еткен ардагер журналист Қалыбек Атжан сол жылдардағы басынан өткерген, қызығы мен қиындығын қатар әңгімелеп, естеліктерімен бөлісті. Қай кезде де жаңашылдықты игеруімен ерекшеленген «Жас Алаштың» жастарға берері мол екенін жеткізді.

Ал Оралхан Дәуіт «Жас Алаштан» шенеуніктердің қатты қорқатынын, Қадыр Мырза Әли, Рақымжан Отарбаев сияқты қаламгерлер күнделіктерін осы басылымға беруінің сыры, өзінің осы басылымда екі мәрте еңбек еткенін, ұжымның ынтымағы, береке-бірлігі жайында әңгімелеп берді.

Сонымен қатар Нұрболат Әлдибеков пен Р.Төлебаев та өз ойларын ортаға салды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар ұлт мүддесін қорғап, құндылықтарымыздың қадірін білуге шақыратын, өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін, жас буынға шығармашылық еркіндік беріп, жаңа бастамаларды әрдайым қолдап отыратын газеттің ғұмыры ұзақ болсын деген тілек білдірді.

«Жас Алаштың» жүз жылдығына арналған кеш Т.Рысқұлов аудандық кітапханасында да ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар «Парасат жолы» жобасы аясында өтті. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.12.2021, 16:35
Нұр-Сұлтанда 70 мектеп салынады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 03.12.2021, 14:24
Жалақысы 2 миллионға жуықтаған әкім
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 03.12.2021, 10:15
Кәсіпкер әйелдер көбейіп келеді
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.12.2021, 08:47
Советский, Карл Маркс, Полторацкий
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 17:01
Нұр-Сұлтанда мұқтаж жандарға 56 азық-түлік себеті таратылды (видео)
Сайт әкімшілігі 01.12.2021, 15:20
Түркістанда 40-тан астам полицей марапатталды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00