Жетісайдың қырықабаты экспортқа кетіп жатыр

Сайт әкімшілігі

16.04.2021, 22:46

534

Түркістан облысында бір егістіктен жылына 2-3 өнім алу жобасы жақсы жүзеге асуда. Осы әдіске ден қойған диқандар 1 гектардан 8 миллион теңгеге дейін пайда табуда.

Алғашқы кезеңге қырықабат еккен шаруалар өнімдерінің алдын шетелге жөнелтіп жатыр.  Мәселен Жетісай ауданындағы Әл Фараби елді мекенінің диқандары ақпан айының басында еккен қырыққабатты экспортқа жіберді. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Қысқы мезгілде шаруа қожалығымызға тиесілі жердің 10 гектар жерге қырыққабаттың 50-55 күнде ерте пісетін «Зарисма» сортын ектік. Егілген көшеттердің барлығы өзіміздің жылыжайда өндірілген. Жалпы 10 гектарға егілген өнім көлемі 40 центнерді құрап отыр. Бұл кеткен шығындарымыздың толық ақталғанын білдіреді. Артылған 40 тонна қырыққабат Беларусия мемлекетіне жөнелтілетін болады», — дейді "Әл Фараби" шаруа қожалығының төрағасы Сәбденов Бекзат.

Жетісай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Абуовтың айтуынша, ауданда биыл 1 080 гектар аумаққа ерте пісетін қырыққабат егілген. Былтыр аудан диқандары 36 мың тонна қырыққабат өнімін өндірген.Негізінен егін шаруашылығымен айналысатын аудан халқы 78 500 гектар аумаққа егін егеді. Бүгінгі таңға дейін аудан бойынша 1 300 гектарға – көкөніс, 10 мың гектар аумаққа — бақша дақылдары егілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15:49
Сұлулық қуғандар жер сипап қалды
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 14:40
Бордақы малдан жем қымбат
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2021, 08:42
Жетімдерді жетелеген жігіт
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2021, 07:57
Мүгедектер арбасына жол тар болып тұр
Сайт әкімшілігі 10.05.2021, 11:37
Оралда мектеп оқушысы бесінші қабаттан құлап кетті
М.СӘУЛЕБЕК 08.05.2021, 09:23
Жолдың сапасы жақсарады

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06