Жол экономиканың күре тамыры

Сайт әкімшілігі

01.02.2021, 20:43

96

-Түркістан облысында соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің облыстың оңтүстік аудандарын дамыту мақсатында қолға алған оң жобаларының нәтижесінде Мақтаарал ауданында бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асуда,-деп хабарлады Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы Мақтаарал ауданында 86,5 шақырымды құрайтын республикалық, 200 шақырымнан асатын облыстық, 44 шақырымнан аса аудандық маңызы бар жолдар бар. Елді мекендердің ішкі көшелері 570 шақырымға жетеді.

Өткен жылы ауданда 3,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 3 автокөлік жолына 161,3 миллион теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар өткен жылы аудандық бюджеттен 381 миллион теңге қаржы қаралып, 51 шақырымнан аса 94 ішкі көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілген.

Ауданда 1,5 миллиард теңгеге 64,8 шақырымды құрайтын 77 ішкі көшелерге асфальт төселді. Оның ішінде, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 41 көше, жергілікті бюджет есебінен 7 көше, су тасқыны салдарынан қалпына келтірілген 29 көше бар.

Айта кетейік, былтыр А-15 республикалық автомобиль жолының Кіреберіс-Гүлістан тармағы және облыстық маңызы бар КХ-77, КХ-78, КХ-80, КХ-164 автомобиль жолдары орта жөндеуден өтсе, КХ-77, КХ-100 автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ ұзындығы 35,3 шақырымды құрайтын 24 көшеге мыңнан астам жарық шамдары орнатылып, 3,4 шақырымды құрайтын 2 көшеге аяқжол салынды.

Тегтер: жол жөндеу әкім жергілікті билік бағыт бағдар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 14:53
Полиция 7 адамның өмірін қиған жол апаты туралы айтты
Сайт әкімшілігі 03.03.2021, 10:53
Атырауда анасы мен төрт баласы уланып қала жаздады
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 03.03.2021, 09:20
Түркістандағы оқиғадан «ҚазТрансГаз» тиісті қорытынды шығара ма?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.03.2021, 18:02
Теміртаулықтар қатты аязда жылусыз қалды
Ақерке ЖҰМАҒАЗЫҚЫЗЫ 02.03.2021, 15:13
Су сойқаны безек қаққызды
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 02.03.2021, 10:37
Бала бағу баюдың жолы ма?

Аңдатпа


  • Сейдағаңның серілері едік
    03.03.2021, 10:12
  • Бес тағдыр – бес тал гүл
    02.03.2021, 10:44
  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50