"Зорлау фактісін біле тұра жасырған" - мектеп директоры сот алдына келді

Сайт әкімшілігі

16.04.2021, 14:45

1561

БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді, — деп хабарлайды «Мой ГОРОД».

Лариса Қожахметоваға қатысты іс Жаңғалы аудандық сотында қаралады.

Қылмыстық іс биыл 7 сәуірде сотқа жіберілген. Мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға ҚР ҚК-нің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша айып тағылды. Істі судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Өгей қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған тұрғын Жақсыбай Сұлтанов 2020 жылы сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу қызметіндегілер жасөспірімнің мұғалімдері бұл оқиғаны біле тұра құқық қорғау органдарына әдейі хабарламады деп мәлімдеген. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал қалғандары аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Басты сот талқылауы 16 сәуірге белгіленген.

Тегтер: қылмыс қатыгездік тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Заңғар КЕРІМ,арнайы «Жас Алаш» үшін Токиодан 14:32
Грек-рим шеберлері сенімді ақтамады
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58