Қоғам

Павлодар облысында жол апатынан бала қаза тауып, тағы бес адам зардап шекті

Павлодар облысында болған жол-көлік оқиғасынан бір бала қаза тауып, тағы үш бала мен екі ересек адам жарақат алды.

жол апаты

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, жол апаты орнына үш жедел жәрдем бригадасы, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы және Қалқаман ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкерлері жіберілген.

Оқиға орнынан екі ұл мен бір қыз бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккен кәмелетке толмағандардың бірін ауруханаға әйел адам ертіп барған.

Тағы бір қыз бала ауыр жарақат алған. Медициналық қызметкерлер оны жедел жәрдем көлігіне клиникалық өлім жағдайында алып, реанимациялық шаралар жүргізгенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Балалар ауруханасына 2017 және 2015 жылы туған екі ұл бала жатқызылды. Ал 2010 жылы туған қыз бала тексеріліп, қажетті диагностикалық шаралардан кейін амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Сонымен қатар жол апатынан зардап шеккен ер адам мен әйел Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасының нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз