Қызылордада жаяу жүргіншілер көпірін салуға 11 млрд теңге жұмсалмақ
Қызылордада Сырдария өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін салуға шамамен 11 млрд теңге бөлінбек.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сәйкес, жобаның жоспарланған құны – 10 млрд 648,6 млн теңге.
Тапсырыс беруші – Қызылорда қаласы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Конкурсқа өтінімдер 4-7 тамыз аралығында қабылданған. Нәтижесінде жеңімпаз ретінде «Қазақдорстрой» ЖШС танылған.