Live

Алматыда бесінші қабаттан секірген әйел көз жұмды

Алматыда 38 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, оқиға орнында қайтыс болды.

суицид

Қайғылы жағдай қаладағы Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Марқұм сол жерде тұрған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, әйел өзіне қол жұмсаған. Соңғы уақытта ол жеке өміріне байланысты ауыр психологиялық күйзелісті бастан кешірген.

«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Тегтер: Алматы
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз