Live

Африкадағы Эбола індеті халықаралық деңгейдегі қауіпке айналуы мүмкін

Қауіпті вирус Уганда мен Конго аумағында тарала бастаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, індет жекелеген аймақтардан шығып, көрші елдерге таралу қаупі күшейген.

Эбола

Бұл жолғы індет Bundibugyo деп аталатын Эбола штампымен байланысты. Аталған вирус түріне қарсы әзірге ресми түрде мақұлданған вакцина да, арнайы ем де жоқ.

ДДСҰ дерегіне сәйкес, Конгоның шығысындағы Итури провинциясында 80 адам көз жұмды деген болжам бар. Сонымен қатар сегіз адамнан вирус расталып, 240-тан астам күдікті жағдай тіркелген. Ұйым өкілдері індеттің нақты ауқымы бұдан да үлкен болуы мүмкін екенін айтады. Бұл — Конгода 1976 жылдан бері тіркелген Эболаның 17-ші өршуі.

Уганда астанасы Кампалада Конгодан келген екі адамнан вирус анықталды. Олардың бірі қайтыс болды. Ал Конго астанасы Киншасада Итуриден оралған тағы бір адамнан Эбола табылған.

 

ДДСҰ елдерді шекарадағы бақылауды күшейтуге және төтенше жағдайларға дайын болуға шақырды. Алайда ұйым шекараны толық жабуға немесе саудаға шектеу қоюға қарсы екенін мәлімдеді.

Эбола вирусы науқастың биологиялық сұйықтықтары, жұққан заттар немесе қайтыс болған адамның денесі арқылы таралады. Ауру жоғары температура, дененің сырқырауы, құсу мен іш өту белгілерін тудырады.

Тегтер: Эбола вирус
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз