Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды
Шымкентте полицейлер жедел іс-шаралар барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты интернет-ресурстардың жарнамасын таратқан жергілікті тұрғынды ұстады.
Тергеу барысында ер адамның қала аумағында есірткі сататын тыйым салынған сайттардың жарнамасы бар жапсырмаларды орналастырғаны анықталды.
Жарнамалық материалдарда жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсынылып, есірткі заттарын таратуға қатысты интернет-ресурстардың мекенжайлары көрсетілген.
Есірткі сайттарының жарнамасы бар жапсырмалар тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.