Live

Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар баланың өмірі аман қалды

Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған төрт жасар бала ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен.

Денсаулық

Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршін бас-ми жарақатын алып, бел омыртқасын сындырған. Сонымен қатар оның сан сүйегі екі жерден шытынаған. Бала ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізіліп, оған шұғыл әрі күрделі ота жасалған.

Дәрігерлердің кәсіби көмегінің арқасында сәбидің өміріне төнген қауіп сейілді. Қазір ол мамандардың тұрақты бақылауында ем қабылдап жатыр.

Ақ халаттылар жаз мезгілінде мұндай қайғылы оқиғалардың жиілейтінін айтып, ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелердің қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз