Қоғам

Қарағандыды белгісіз біреулер Бауыржан Момышұлының мемориалдық тақтасын қиратып кеткен

Қарағандыда Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының құрметіне орнатылған мемориалдық тақта вандалдардың әрекетінен бүлінді.

Астана

Оқиға қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Қарағандылық Иван Стрижаков әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, мемориалға қол көтергендердің әрекетін қатаң сынға алды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта мемориалдық тақтаны бүлдірген тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз