Live

Алматы облысында корей кино компаниясы телехикая түсіріп жатыр

Алматы облысында Оңтүстік Кореяның танымал кино компаниясы мен отандық «Atadala» продакшны бірлесіп, халықаралық деңгейдегі телехикая түсірілімін жүргізуде. Жоба өңірдің бірнеше көрікті локацияларында жүзеге асырылып жатыр.

Кино

Түсірілім алаңдары қатарында Ұйғыр ауданындағы Дардамты ауылы, Айлы және Қара шатқалдар (Лунный және Қара каньон), сондай-ақ Қонаев қаласындағы Іле өзенінің жағалауы бар. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев түсірілім жұмыстары жүріп жатқан орындарға арнайы барып, жобаның барысымен танысты.

Аймақ басшысы шығармашылық топпен, техникалық мамандармен және жергілікті тұрғындармен кездесті.

Әкімнің айтуынша, мұндай халықаралық жобалар креативті индустрияны дамытуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

«Корей киноиндустриясының туындылары әлемдік аудиторияға кеңінен танымал. Бұл сериал арқылы Қазақстанның табиғи байлығы шетелдік көрерменге көрсетіліп, елге деген қызығушылық артады деп сенеміз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Түсірілім барысында актерлер, каскадерлер, техникалық мамандар және жергілікті мердігерлер тартылған. Сондай-ақ өңірдегі қонақүйлер, тамақтану орындары мен көлік қызметтері пайдаланылуда.

Жобаны Қазақстанда түсірудің негізгі себебі – елдің алуан түрлі табиғи ландшафттары мен киноөндіріс үшін қолайлы жағдайлары. Түсірілімге жергілікті тұрғындар да қатысып жатыр.

Сериалдың бас продюсері – Руслан Пак. Жобаның премьерасы 2027 жылға жоспарланған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай халықаралық ынтымақтастық Алматы облысының инвестициялық және туристік беделін арттыруға ықпал етеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз