Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Қазақстан Ауғанстанда теміржол салуға 500 млн АҚШ долларын инвестициялауға дайын

Ауғанстан
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі айтты.

Серік Жұманғарин Кабулда Ауғанстанның экономика жөніндегі вице-премьері Абдул Ғани Барадармен кездесуде мәлімдеді.

Жоба Ауғанстанның солтүстігіндегі Торгунди қаласынан Гератқа, әрі қарай Спин-Болдакқа дейін теміржол салуды көздейді. Сонымен қатар, Қазақстан Гератта көлік-логистикалық компания құруды да жоспарлап отыр.

Жұманғарин 21 сәуір күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумына қатысу үшін Кабулға барған. Алайда Премьер-министрдің баспасөз қызметі инвестиция туралы ресми ақпарат таратпады. Сонымен бірге, қазақстандық бизнес өкілдері Ауғанстандағы пайдалы қазбаларды барлауға қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.

14 сәуірде қазақстандық геологтар мен инженерлер Ауғанстанға барып, бірнеше кен орнын зерттеді. ҚР Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шарханның айтуынша, мамандар Нұрыстан провинциясынан бериллий, қорғасын және мырыш үлгілерін жинаған. Үлгілер Қазақстанда зерттеліп, кен орындарын игеру бойынша келіссөздер жүргізу жоспарланған.

Тегтер: