Live

Иран Ормуз бұғазы арқылы кемелерді 60 күн тегін өткізеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден алдағы 60 күн ішінде ешқандай төлем алмайды.

Ормуз

Алайда бұғаз арқылы өтуді жоспарлаған барлық кеме бұрынғыдай Иранның Парсы шығанағын бақылау басқармасына (PGSA) алдын ала өтінім беруге міндетті.

Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі мәлімдеді.

Кеңестің хабарлауынша, шешім Исламабад өзара түсіністік туралы меморандумы аясында қабылданған.

«Исламабад меморандумына сәйкес, 60 күн бойы өтінім берушілерден ешқандай төлем алынбайды. Бұғаз арқылы өтумен байланысты барлық шығынды Иран Ислам Республикасының үкіметі өз мойнына алады», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Иранның Парсы шығанағын бақылау басқармасына түскен өтінімдер жедел қаралатыны атап өтілді.

Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесінің мәліметінше, бұғаздағы ерекше жағдай мен қауіпсіздік тәуекелдеріне байланысты кемелер өз бағыттары мен өту уақытын алдын ала хабарлауы тиіс.

«Бұл теңіздегі қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға және өткізу қабілетін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Кеңес Иранның АҚШ-пен жасалған меморандум талаптарына сәйкес Ормуз бұғазын минадан тазарту жұмыстарын да жүргізетінін мәлімдеді.

«Минадан тазарту және өзге де мәселелер бойынша қажетті шаралар Исламабад өзара түсіністік туралы меморандумының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады», – деп мәлімдеді Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесі.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін алғашқы мұнай танкерлері Ормуз бұғазы арқылы қайта өте бастағаны және Вашингтонның Иранға қатысты теңіз блокадасын тоқтатқаны хабарланған еді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз