Live

Ақтөбеде дауыл ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырып, автобустарды шайқалтты

21 маусым күні түсте Ақтөбеде соққан күшті дауыл қаланы санаулы минуттың ішінде әбігерге салды.

П

Дауыл түскі уақытта басталып, шамамен жарты сағатқа ғана созылғанымен, оның салдары айтарлықтай болды. Қатты жел ағаштарды тамырымен жұлып, аулада тұрған көліктерге зақым келтірді.

Көпқабатты үйлерден кірпіштер құлап, жазғы дәмханалардың алаңдарына түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ жел тұрғын үйлердің шатырларын жұлып әкетіп, қала көшелеріндегі сәндік құмыралар мен вазондарды жол бойына ұшырған. Қатты екпін салдарынан жол-көлік оқиғалары да тіркелді.

Қоғамдық көліктер дауыл басылғанша тоқтап тұрған. Куәгерлердің айтуынша, автобустар қатты желден бір жағына қарай шайқалған.

Дауылдан кейін бірқатар тұрғын үйде электр жарығы өшіп қалды. Артынша қалаға найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауды.

Тегтер: Ақтөбе
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз