Әлеумет

Германия соғысқа дайындалып жатыр – БАҚ

Германия азаматтық инфрақұрылымды ықтимал әскери сценарийге бейімдеуге кірісті.

украина

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, Бремерхафен қаласында, Еуропадағы ең ірі автокөлік тасымалдайтын порттардың бірінде, 1,35 млрд еуро көлемінде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы жүк тиеу платформаларын күшейтуге бағытталған. Жаңғыртудан кейін олар 60 тоннаға дейінгі ауыр әскери техниканы, соның ішінде Leopard танктерін көтеріп, тасымалдай алады.

Bloomberg мәліметінше, бұл жоба Германияның Еуропада ықтимал әскери қақтығысқа дайындалуының бір бөлігі саналады.

Мұндай сценарий орын алған жағдайда, Германия өзінің географиялық орналасуы, дамыған өнеркәсібі мен көлік инфрақұрылымы арқасында стратегиялық маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Сонымен қатар агенттік Германия қарулы күштерінде мұндай жобаларды толық қаржыландыруға қаражат жеткіліксіз екенін жазады. Осыған байланысты билік жеке сектордан қолдау сұрап отыр.

Алайда бизнес өкілдерімен жұмыс істеу бюрократиялық кедергілер мен тікелей байланыс арналарының жоқтығынан қиындап отыр.

Бұған дейін Германия алғаш рет ресми түрде әскери стратегиясын бекіткен болатын. Құжатта 2039 жылға қарай Еуропадағы ең қуатты армияны құру мақсаты қойылған. Стратегияда Ресей басты қауіп ретінде көрсетілген.

Ал Кремль бұл құжатқа қатысты пікір білдіріп, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оны «Еуропаның Ресейге қарсы конфронтациясының квинтэссенциясы» деп атады.

Тегтер: германия
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз