Қоғам

Трамптың арнайы өкілдері Мәскеуге келді

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер болуы мүмкін америкалық бизнес-джет Мәскеудегі «Внуково» әуежайына қонды. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер

ТАСС америкалық өкілдерді қарсы алуға дайындалған кортеждің видеосын жариялады. Агенттік мәліметінше, Boeing C-32A ұшағы Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Мәскеу уақытымен шамамен сағат 09:00-де Хельсинкиге қонған. Кейін ұшақ Ресей әуе кеңістігіне кіріп, Мәскеуге бағыт алған.

Axios басылымының америкалық және украиналық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, Уиткофф пен Кушнер 5 қыркүйекте Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Ал 6 қыркүйекте олар Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі мүмкін.

Бұған дейін Дональд Трамп арнайы өкілдерінің Мәскеу мен Киевке соғысты тоқтатуға қатысты ұсыныс жеткізетінін айтқан. Оның сөзінше, АҚШ тарапында бейбітшілікке қол жеткізуге қатысты белгілі бір жоспар бар және Уиткофф пен Кушнер оның нәтижесін талқылау үшін жіберілген.

Айта кетейік, Ресей, Украина және АҚШ арасындағы соңғы үшжақты келіссөздер 2026 жылғы 17-18 ақпанда Женевада өткен. Келесі кездесу 5 наурызда Абу-Дабиде өтуі тиіс болған, алайда кейінге шегерілген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз