Blind футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихи жеңіске жетті
АҚШ-тың Сиэтл қаласында Вlind футболдан (көру қабілеті бұзылған жандар арасындағы) халықаралық турнир өтті.
Турнирге АҚШ, Перу және Қазақстан ұлттық құрамалары қатысты.
Ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал шешуші ойында Оңтүстік Американың мықты құрамаларына қарсы сәтті өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі Перу командасын 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз жеңіс голын Болат Жанымхан соқты. Сондай-ақ ұлттық құраманың қақпашысы бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, тарихи жеңіске үлкен үлес қосты.
Бұл – Қазақстанның Вlind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофей.