Live

Ақтауда 33 келіден астам марихуана тәркіленді

Ақтауда кәдімгі сәлемдеме ретінде жасырылған есірткі партиясынан 33,5 келіден астам марихуана тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

қылмыс

«Сәлемдемені тексеру барысында полиция қызметкерлері ішінде өсімдік тектес зат салынған екі қапты анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 33,5 келіден асты», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары полиция департаменттерінің қызметкерлері Жамбыл облысынан Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырды деген күдікпен 41 жастағы ер адамды ұстаған.

Тергеу барысында тыйым салынған жүкті тасымалдау үшін жүк жеткізу қызметтері пайдаланылғаны, ал есірткінің кәдімгі сәлемдеме ретінде бүркемеленгені анықталған. Күдікті Ақтауда сәлемдемені алып жатқан сәтте ұсталды.

Тергеу мәліметінше, тәркіленген есірткі партиясы Қазақстанның батыс өңірлерінде таратылуы тиіс болған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз