Әлеумет

Рамзан Қадыровтың ұлы тағы бір медальмен марапатталды

Шешенстан басшысының ұлы Адам Қадыровқа кезекті марапаттың табысталғанын аймақ үкіметі төрағасының орынбасары Ахмед Дудаев хабарлады.

Рамзан Қадыров пен Адам Қадыров

Оның айтуынша, марапат Адам Қадыровқа СВО қатысушыларын даярлайтын В.В. Путин атындағы Ресей арнайы мақсаттағы университетін дамытуға қосқан үлесі үшін берілген.

Дудаевтың мәліметінше, марапатты Ресей ұлттық гвардиясы арнайы мақсаттағы орталығының басшысы, генерал-майор Павел Козаев табыстаған.

«Генерал-майор Павел Козаев тапсырған бұл жоғары марапат - Адам Рамзанұлының қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және арнайы әскери операцияны қолдауға қосқан үлесін лайықты түрде мойындау», - деді Ахмед Дудаев.

 

 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз