Live

Әлем жаңалықтары: Украина Ресейдің Иранға барлау деректерін бергенін дәлелдеді

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Мәскеудің Иранға барлау ақпараттарын жеткізгенін растайтын нақты айғақтары бар екенін мәлімдеді.

Зелен

Бұл туралы ол бүгін әлеуметтік желіде хабарлаған.

Зеленскийдің айтуынша, дәлелдер Украинаның Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы басшысы Олег Иващенко ұсынған баяндамаға негізделген. Мәліметтерге сәйкес, Ресей радиотехникалық және радиоэлектрондық барлау мүмкіндіктерін пайдаланып, Таяу Шығыстағы серіктестерінен алынған кей деректерді Иранға жеткізіп отыр.

Наурыз басында The Washington Post Ресейдің Иранға АҚШ әскерлеріне соққы жасау үшін ақпарат бергенін жазған, ал АҚШ өкілдері бұл деректі жоққа шығарған. Сонымен қатар The Wall Street Journal Мәскеудің Иранмен әскери ынтымақтастығы мен ақпараттық қолдауын күшейтетінін хабарлаған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз