спорт

ФИФА Аргентина футбол федерациясына 321 мың доллар айыппұл салды

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Аргентина футбол қауымдастығына 321 мың доллар, яғни шамамен 147,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Аргентина

ФИФА-ның тәртіптік комитеті Аргентина құрамасының бірнеше ережені бұзғанын анықтаған. Атап айтқанда, матчтар кезінде спорттық әдепке сай келмейтін әрекеттер, команданың тәртіпсіздігі, кемсітушілік және нәсілшіл сипаттағы қорлау сөздері, сондай-ақ стадиондағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері тіркелген.

Айыппұлдың 100 мың доллары кемсітушілікке қарсы күрес шараларына бағытталады. Сонымен қатар Аргентина құрамасы алдағы кездесуін стадион сыйымдылығының 50 пайызынан аспайтын көрермен алдында өткізуге міндеттелді.

Жазаның бір бөлігі әзірге шартты түрде қалдырылды. Федерацияға сынақ мерзімі берілді. Егер осы кезеңде жаңа тәртіп бұзушылықтар тіркелмесе, АФА қосымша 100 мың доллар айыппұл төлемейді және көрермен саны шектелген тағы бір матч өткізу жазасынан босатылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз