Live

Иран әуе кеңістігін толық ашты

Иран бүкіл ел аумағында әуе қатынасын қайта қалпына келтірді. Бұл туралы IRIB агенттігі елдің Азаматтық авиация ұйымына сілтеме жасап хабарлады.

Тегеран

Ведомство мәліметінше, енді ішкі әуе рейстерімен қатар Иранның әуе кеңістігі арқылы өтетін транзиттік ұшуларға да рұқсат берілген. Қажетті қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, әуе қозғалысын қалыпты режимде жүргізуге мүмкіндік жасалған.

Сондай-ақ қауіпсіздік жағдайына жүргізілген бағалау нәтижесінде Киш аралы мен Ассалуйе қаласындағы әуежайлардың күндізгі уақытта жұмысын қайта бастайтыны белгілі болды.

Билік өкілдерінің айтуынша, әуе кеңістігінің ашылуы жолаушылар тасымалы мен халықаралық транзиттік қатынасты кезең-кезеңімен қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.

Тегтер: АҚШ Иран Иран
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз