Live

Израиль Ливанға әуе шабуылдарын жалғастырып жатыр

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне кезекті рет әуе соққыларын жасап, қолданыстағы бітім келісімін тағы да бұзды.

Израиль  Ливан

Ливандық БАҚ мәліметінше, жексенбі күні Дейр-Серьян және Тайбе елді мекендерінің маңына соққы жасалған. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскері тек әуе шабуылдарымен шектелмеген. Хиам қаласында израильдік құрлық күштері тұрғын үйлерді жарып, өртеген. Сонымен қатар Бейруттің оңтүстік маңында Израильдің ұшқышсыз ұшу аппараты байқалған.

Бұл шиеленістің жаңа кезеңі АҚШ-тың арағайындығымен Вашингтонда жасалған рамалық келісімге қол қойылғаннан екі күн өткен соң болды. Құжат Израиль әскерін Ливан аумағынан кезең-кезеңімен шығаруды қарастырады. Бұл процесс екі пилоттық аймақтан басталуы тиіс.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері жалғасып жатқан әскери операциялар кезінде елде кемінде 4246 адам қаза тауып, 12 190 адам жараланған. Сонымен қатар бір миллионнан астам тұрғын үйлерін тастап, ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз