Сараптама

Almaty Half Marathon 44 елден 10 000-нан астам қатысушыны біріктіріп, «Таза Қазақстан» акциясымен үндесті

Алматыда 19 сәуірде тоғызыншы Almaty Half Marathon өтіп, оған әлемнің 44 елінен 10 000-нан астам желаяқ қатысты.

Марафон

 Ауқымды спорттық іс-шара дәстүрлі түрде Қазақстандағы ірі жүгіру маусымының шымылдығын түріп, қаланың халықаралық спорттық туризм орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Биыл жартылай марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд орнатты: жарысқа 800-ден астам шетелдік спортшы қатысты. Әсіресе, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген желаяқтар саны көп болды. Сонымен қатар Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Украина, Беларусь және Еуропа, Азия, Америка мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінен жарыс жолына шықты.

Марафон
Фото: Алматы әкімдігі

Ұйымдастырушылар — «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының мәліметінше, жыл сайын қатысушылар ауқымы кеңейіп, марафон әлемнің түкпір-түкпірінен жүгіру әуесқойларын басын қосатын маңызды алаңға айналып келеді.

Спорттық сайыспен қатар, іс-шара аясында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына орай экологиялық акция да ұйымдастырылды.

Жарыс бағыты бойында және мәреге жету аймағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған арнайы орын ұйымдастырылып, экологиялық мазмұндағы интерактивті аймақтар жұмыс істеді. Жиналған қайта өңделетін қалдықтар EcoNetwork серіктесінің қолдауымен өңдеуге жіберілді.

Ұйымдастырушылар қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға айрықша көңіл бөліп, бір реттік материалдарды қолдануды қысқартып, баспа өнімдерінің бір бөлігінен бас тартты. Сонымен бірге, тұрақты әрі жауапты тұтыну мәдениетін енгізуге басымдық берілді.

Марафон аясында «Тепло» қайырымдылық бастамасы да өткізіліп, қатысушылар қалдырған жылы киімдер жиналып, сұрыпталып, мұқтаж жандарға табысталды.

Марвфон
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы спорт басқармасының хабарлауынша, мұндай ауқымды шаралар бұқаралық спортты дамытуға ғана емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да зор ықпал етеді. Бұл — «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаттарымен толық үндеседі.

Марафон
Фото: Алматы әкімдігі

Ұйымдастырушылар қатысушылардың жайлылығын да назардан тыс қалдырмады: мәреге жету аймағында ана мен балаға арналған арнайы бөлме жасақталып, бөлек және инклюзивті санитарлық аймақтар қарастырылды.

Almaty Half Marathon Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз