Алматы облысында төбелес кезінде ер адам пышақ жарақатын алды
Алматы облысында болған төбелес салдарынан ер адам пышақ жарақатын алды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«1 мамыр күні Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылының тұрғыны пышақ жарақатымен ауруханаға жүгінді. Анықталғандай, ол жарақатты туған күнді атап өту кезінде туындаған тұрмыстық жанжал барысында жергілікті тұрғындармен болған қақтығыс кезінде алған», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қылмыстық істер жанжалға қатысқан екі тарапқа да қатысты тергеліп жатыр. Күдіктілердің көліктері айып тұрағына қойылған.
«Тергеу барысы бақылауда. Кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді полиция.