Қазақстанда тағы үш ресейлік мектеп ашылады
Қазақстан мен Ресей бірлесіп жалпы саны алты мектеп салу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевпен кездесуден кейін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстан аумағында үш ресейлік мектеп, ал Ресейде үш қазақ мектебі салынады. Жоба екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.
Сондай-ақ Лавров Қазақстан тарапының орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру бастамасына алғыс білдірді. Бұл идеяны Президент Тоқаев көтерген болатын.
Ұйымның штаб-пәтері сәуір айының басында Сочи қаласында өз жұмысын бастағаны да айтылды.