Live

Бітімгершілік миссия: Қазақстан полициясының халықаралық тәжірибесі

Қазіргі әлемде тұрақтылықты сақтау көпдеңгейлі және кешенді тәсілді талап етеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бітімгершілік миссияларда полиция контингентінің рөлі ерекше.

Адилов

Әскери бөлімдер атысты тоқтатып, базалық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, полиция құқықтық тәртіпті қалпына келтіріп, мемлекеттік институттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

Полиция құрамдасы қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтарды қорғау, қылмыс пен заңсыз қару айналымына қарсы іс-қимыл жасау, жергілікті қызметкерлерді оқыту және тәлімгерлік көрсету сияқты міндеттер атқарады. Сарапшылар мен тар мамандар – криминалистер, киберқауіпке қарсы мамандар, гендерлік зорлық-зомбылық және трансұлттық қылмыс саласының өкілдері – тұрақтылықты бекітуге, құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін қалпына келтіруге септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры С. Адиловтың айтуынша, бітімгершілік миссиялар – әскери операция емес, бұл құқықтық тәртіп пен кәсібилік миссиясы, елдің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды құралы.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз