Әлеумет

12 жылға сотталған ҰҚК-нің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты үкімнің күші жойылды

12 жылға сотталған ҰҚК-нің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты үкімнің күші жойылды

Манат Сарбасов

 

Қазақстанның кассациялық соты Шымкент қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасовқа шығарылған 12 жылдық түрме жазасының күшін жойды.

Шешім 28 қазанда қабылданған. Бұған алқабилердің қатысуымен өткен сот процесінде қылмыстық-процестік заң талаптарының бұзылуы себеп болған.

Сарбасовтың адвокаты Жасұлан Асылбековтің айтуынша, алқабилердің дауыс беру тәртібі заң талаптарына сәйкес келмеген. Сондай-ақ оларға қойылған сұрақтар күрделі заң терминдерімен жазылған.

Еске салайық, 2025 жылдың қазанында Манат Сарбасов аса ірі көлемде пара алу, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру және қызметтік әрекетсіздік баптары бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға сотталған.

Тергеу дерегінше, ол 2019-2020 жылдары жеке мектепке қамқорлық жасағаны үшін 70 миллион теңге пара алған.

Кассациялық сот Сарбасовпен бірге сотталған тағы төрт адамның да үкімін жойды. Енді қылмыстық іс Шымкентте басқа сот құрамымен қайта қаралады.

Алайда Манат Сарбасов әзірге бостандыққа шықпайды. Сот оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

Адвокаттың айтуынша, Сарбасов өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және ақталуға ниетті.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз