Әлеумет

20 АЕК айыппұлмен бітпеген дау: Small-дағы жанжал неге қоғамды әлі шулатып тұр?

Алматыдағы супермаркетте болған бір ғана жанжал әлеуметтік желідегі кезекті дауға айналды. Полиция әлеуметтік желіге видео жариялаған әйелге айыппұл салғанын мәлімдегенімен талқылау әлі басылған жоқ.

Жансұлу

Оқиға былай басталды?

Желіде Small сауда желісінің қызметкеріне бір әйелдің «орысша жауап бер», «орыс тілінде қызмет көрсет» деп талап қойған видеосы тарады. Кадрда сатушы қыз кассаның уақытша істемей тұрғанын қазақ тілінде түсіндіріп жатқан сәт көрінеді. Алайда сатып алушы әйел қазақша жауапқа наразы болып, сатушыдан орысша сөйлеуді талап етеді.

Видео тараған бойда әлеуметтік желі қолданушылары сатушы қызды қолдап, әйелдің әрекетін «қазақ тіліне құрметсіздік», «Қазақстанда тұрып мемлекеттік тілді менсінбеу» деп бағалады. Пікірлерде «қазақша түсінбесең, кете бер», «мұндай әрекет жазасыз қалмауы керек» деген мазмұндағы жазбалар көбейді.

Кейін полиция жанжал шығарған азаматшаның жеке басын анықтағанын хабарлады. Оған қатысты әкімшілік материалдар жинақталып, сот шешімімен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бірақ қоғамдағы резонанс мұнымен тоқтаған жоқ.

Себебі желі қолданушылары тағы бір әйелге тиесілі деген әлеуметтік желі жазбаларын тарата бастады. Скриншоттарда Қазақстанға, қазақ тіліне, қазақ халқына қатысты қорлайтын сипаттағы пікірлер кездеседі. Онда «Да кому он нужен, ваш ХАНАстан?», «Какое государство? Кочевники...», «Одним казак тиле вы не сможете на 100% выразить свои мысли», «До сих пор пользуетесь советским», «зря вас вытащили из средневековья» деген мазмұндағы сөздер бар.

1
Фото: скриншот
1
Фото: скриншот

 

Бұл скриншоттардың түпнұсқалығы мен аккауннтың Галина Лисске тиесілі екенін немесе басқа адам екенін құзырлы органдар анықтай жатар. Дегенмен дәл осы жазбалар қоғамдағы ашуды күшейтті. Көпшілік бұл оқиғаны жай ғана дүкендегі тұрмыстық жанжал емес, қазақ тілі мен қазақ қоғамына деген жүйелі менсінбеушіліктің көрінісі ретінде қабылдап отыр.

Бірақ бұл даудың тағы бір құқықтық қыры пайда болды. Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Small-дағы саушы қыздың видеосы оның келісімінсіз әлеуметтік желіге жүктелгенін айтып, осы мәселе бойынша сотқа жүгінетінін мәлімдеді. 

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз