Ахметовтің орынбасарының орысшасы «озық» тұр
Шығыс Қазақстан облысының әкімі ДаниалАхметовке орынбасар «шақ келмейтінін» бұл күнде екінің бірі біледі.
Қызығы сол,өңір басшысы қай жерге болса да алдымен өзі жетіп, жұрттың көзіне жиі түсіп жүргендіктенбе, қай салаға қай орынбасары жауапты екенінен де ел жаңыла бастады. Қазіргікүнде Даниал Ахметовтің бес орынбасары бар. Соның ішінде өткен жылдың соңындатағайындалған, облыстың идеология саласына жауапты орынбасары Әлішер Мархабаттың қандай атқамінер екеніне тоқталыпкөрелік.
Облыстың идеология, білім, ішкі саясат,мәдениет, тілдерді дамыту және денсаулық сақтау саласы сияқты жауапкершілігімың батпан міндеттерді үйлестіру құзырына кіретін Әлішер Мархабат бұл лауазымға өткен жылдың желтоқсан айындатағайындалды. Жасы 34-ке енді келген орынбасардың алдымен «қазақшасы қалайекен?» деген сауал мазалап, ШҚО әкімінің сайтына кіріп, өзімен сырттай«танысқанымызда» өз көзімізге өзіміз сенбедік.
Облыс әкімінің ресми интернет-ресурсының қазақ тіліндегі нұсқасына Мархабатмырза өмірбаянын орыс тілінде салып қойыпты. (http://www.akimvko.gov.kz/kz/rule/akimat-vostochno-kazaxstanskoj-oblasti/zamestitel-akima-3/personyi/marxabat-alisher.html).
Сөйтсек, еңбекжолын еліміздің Сыртқы істер министрлігінен бастаған ол осы уақытқа дейінөмірбаянның алдымен мемлекеттік тілдегі, одан кейін ресми тілдегі, содан кейінбарып ағылшын тіліндегі нұсқасы болуы керектігін қаперіне алмаған сыңайлы. Өйткені,мемлекеттік идеологияға жауапты лауазымды тұлғаның өмірбаяны күні бүгінге дейінорысша жолданып келгенін әкімдік сайтының орыс тіліндегі нұсқасыменсалыстырғанда бірдей екенінен байқауға болады. Демек, ӘлішерМархабат үшін мемлекеттіктілді білудің айтарлықтай маңызы жоқ болғаны ғой. Сонда облыстың идеологиясаласына жауапты орынбасардың сиқы осы болса, оны Даниал Ахметов бәйгеге атқосқандай үкілеп әкеп таныстырғанда, қызмет атқарған жылдарын орыс тілінде оқыпшыққан болды ғой…
Тағы бір таңғаларлық жайт, тағайындалғанына3 айдың жүзі болған Әлішер Мархабаттың жергілікті жұртпен жүздесуге тәуекеліде, тәжірибесі де жете бермейтін тәрізді. Қазір күллі елді дүрліктіріп отырғанкороновирусқа қатысты өңірде қандай іс-шаралар қабылданып жатқанын облыс әкіміДаниал Ахметов тікелей әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп отыр. Әрине,бірінші басшы болған соң, қандай жағдайда да әкімінің өзі шығу міндетті жайтделік. Алайда, жай уақытта «облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес» деп айтуғакелгенде алдына қара салмайтын әкімдіктегі шененуніктердің бұл тұрғыдағыұстанымында бірінші болып, Әлішер Мархабат көрінуге тиіс болатын. Зайсандағыкороновирусқа қатысты дүрбелең кезінде де Даниал Ахметов өзі барып, басу айтуғамәжбүр болды. Ал, артынша көршілес Тарбағатай ауданынан да аталған дерттіңқауесетінен шу шыққанда басқа салаға жауапты орынбасары Бақытжан Байахметовбарғанын ел ұмыта қойған жоқ, Сонда облыс әкімі орынбасарларының ішіндегі«кенжесі» Әлішер Мархабат өзіне жүктелген міндетін әлі толық түсінбей жүр ме,әлде, аудандарға шығып қайтқаннан гөрі, маскасын баса киіп кабинетінде отырабергенді жөн көре ме?! Бәлкім, ҚР Президенті протоколында, Сенатта, Баспрокуратурада қызмет етіп, биліктің тар дәлізіндегі «жылы орындардан» ұзайқоймаған жас шенеуніктің Шығыс өңірді аралап, «далаға шығуға» жүрегідауаламайтын болар.