Әкімдік маңында ағаш кескен аула сыпырушы мүгедек болып қалды
Ешкім жағдайын сұрап келмеген.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында аула сыпырушы әкімдік маңындағы ағашты кесу кезінде ауыр жарақат алып, 1-топ мүгедектігін алған.
Оқиға былтыр қаңтарда болған. Сналбек Дощанов алдымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін облыстық ауруханаға ауыстырылған. Ақпанда Астанада ем қабылдап, наурызда үйіне шығарылды.
Ер адамның жұлыны зақымдалып, дәрігерлер оны 95 пайыз еңбекке жарамсыз деп таныған. Тергеу нәтижесінде болған жағдайға жауапкершіліктің 30 пайызы жұмысшының өзіне, 70 пайызы аудан әкімшілігіне жүктелген.
Алайда оған осы уақытқа дейін өтемақы төленбеген. Жәбірленушінің айтуынша, жағдайын сұрап ешкім келмеген.
Осыдан кейін Сналбек Дощанов сотқа жүгінген. Қазіргі таңда сот талқылауы әлі басталмады.