АҚШ Конгресі Пентагоннан Украинаға америкалық қару беруін сұрады
АҚШ Конгресі Пентагоннан Украинаға «белгілі бір жағдайларда» Ресей аумағындағы нысандарға америкалық қарумен шабуыл жасауға рұқсат беруін сұрады. Бұл туралы Meduza агенттігі жазды.
Пентагон басшысы Ллойд Остинге арналған үндеуге Конгресстің 13 мүшесі – жеті демократ пен алты республикашыл қол қойды.
Сондай-ақ конгрессмендер өз хаттарында украиндық ұшқыштарды F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруға үйретуді және Киевке көрсетілетін көмек көлемін арттыруды талап етті.
«Соңғы хабарламалар Украинаға көмектің жеткілікті мөлшерде және уақытылы келмей жатқанын көрсетеді, бұл майдандағы қиын жағдайды ушықтыруда. Украина шенеуніктері жағдайдың бұрынғыдан да нашар екенін айтып, қатты алаңдаушылық білдірді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мұндай ұсынысты 23 мамыр күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де жасаған.
Фото: meta.ua