Live

АҚШ соты қазақстандықтарға иммиграциялық виза беруге қойылған шектеуді алып тастады

АҚШ федералдық соты Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан шектеудің күшін жойды.

Н

Reuters мәліметінше, шешімді 21 тамызда Нью-Йорктің Оңтүстік округінің соты шығарған.

Судья Жаннетт Варгас Мемлекеттік хатшы Марко Рубио мұндай шектеу енгізу арқылы өкілеттігін асыра пайдаланды деп тапты. Сот өтініш берушінің азаматтығына ғана сүйеніп виза бермеу АҚШ заңнамасына қайшы екенін мәлімдеді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті биыл қаңтарда Қазақстанды қоса алғанда 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза рәсімдеуді тоқтатқан еді. Бұл шектеу туристік, студенттік және іскерлік визаларға қатысты болған жоқ.

Енді осы шектеуге байланысты визадан бас тартылған өтініштер қайта қаралады. Алайда сот шешімі виза автоматты түрде беріледі дегенді білдірмейді. АҚШ билігі заңда көзделген басқа негіздер бойынша өтінішті қабылдамауы мүмкін.

Тегтер: виза АҚШ
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз