Әлеумет

АҚШ-та жүк тасымалдайтын Boeing қону кезінде көліктерге соғылды: қаза тапқандар бар

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами халықаралық әуежайында Amazon компаниясының Пуэрто-Рикодан ұшып келген Boeing 767 жүк ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ апаты

 Қону кезінде ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, тұрақта тұрған көліктерге соғылып, кейін өртенген. Бұл туралы DW жазды.

Майами-Дейд округінің өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, оқиғадан кемінде бес адам қаза тауып, тағы бес адам жараланған. Зардап шеккендердің үшеуінің жағдайы ауыр.

Оқиға орнындағы құтқару жұмыстары ауқымды болған. Апат салдарынан кейбір адамдар көліктердің ішінде қысылып қалған. Құтқару операциясына 60-тан астам өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.

Құтқарушылар ұшақ кабинасында қалып қойған бірінші және екінші ұшқышты да сыртқа алып шыққан.

Flightradar24 сервисінің дерегінше, Boeing ұшу-қону жолағынан шығып кеткен сәтте шамамен сағатына 207 шақырым жылдамдықпен қозғалған.

Апаттан кейін Майами әуежайы барлық ұшу-қону жолағын уақытша жапты. Соның салдарынан көптеген рейс кейінге шегеріліп немесе тоқтатылған.

Оқиғаның себептерін АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі (NTSB) тексеріп жатыр.

Amazon компаниясы апаттың мән-жайын анықтау үшін билік органдарына толықтай көмектесетінін мәлімдеді.

Тегтер: Ұшақ апаты
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз