Әлеумет

Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысы өлі табылды

Ақтөбе облысында алтыншы сынып оқушысы өлі табылды. Қайғылы оқиға Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында болған.

Мектеп оқушы

Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімнің денесі өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан табылған. Оқиға 21 сәуірде болған. Бүгін оқушы жер қойнына тапсырылды.

Белгілі болғандай, бала толық отбасында тәрбиеленген, төрт ұлдың екіншісі болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 21 сәуір күні түске таман ол үйінен мектепке бара жатқанын айтып шыққан, алайда сабаққа келмеген.

«Ол менің немереммен бір сыныпта оқыды. Сабақ 14:00-де басталады, бірақ бала үйден шамамен 12-де шыққан. Мектепке келмеген соң, мұғалім іздей бастады, ата-анасына хабарласты. Кешке дейін ауылдың бәрі іздеді, кейін баланы үй ауласындағы сарайдан тапты», – дейді Кеңқияқ ауылының тұрғыны Ардақ.

Ол сондай-ақ мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы екенін атап өтті.

Білім бөлімі не дейді?

Темір аудандық білім бөлімінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Мектеп тарапынан да ішкі қызметтік тексеріс басталды», – деп хабарлады ведомство.

Кеңқияқ ауылында 1296 оқушы оқитын бір ғана мектеп бар. Ақтөбе облыстық білім басқармасы тексеру нәтижесі бойынша қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Полиция пікірі

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы – «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша жүргізіліп жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз