Ақтөбе су астында қалды
Ақтөбеде соңғы екі апта бойы толассыз жауған жаңбыр қала тұрғындарын әбігерге салды.
Жергілікті халық әлеуметтік желілерде көшелер мен аулаларды су басқан сәттерді түсірген видеоларымен бөлісіп жатыр.
«Қазгидромет» мәліметінше, қысқа уақыт ішінде қалаға жауын-шашынның шамамен жарты жылдық нормасы түскен. Соның салдарынан бірқатар көшелер мен төмен орналасқан аумақтарда су жиналып қалған.
Қазіргі таңда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қала көшелерінен суды сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілмек. Тиісті мамандар жағдайды бақылауда ұстап, зардапты азайту шараларын жалғастырып жатыр.