Live

Ақтөбеде бопсалау ісі бойынша бес адам ұсталды

Ақтөбеде бопсалады деген күдікпен бес адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Н

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер жәбірленушінің банк картасынан таныс әйелдің есепшотына аударылған ақшаны қайтару сылтауымен одан өзіне тиесілі автокөлікті өздерінің атына рәсімдеуді және ақша беруді талап еткен.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер ер адамды заңсыз түрде автокөлік ішінде бірнеше сағат ұстап, оған күш қолданып, заңсыз талаптарын орындатуға тырысқан.

Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Ақтөбенің 38 жастағы тұрғыны өзін заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағаны туралы арызданған.

Арнайы операция барысында күдіктілер арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен ұсталды.

Аталған дерек бойынша бопсалау фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сонымен қатар ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Тегтер: Ақтөбе
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз