Live

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: жалған куәлік беру дерегі бойынша жаңа іс қозғалды

Алматыдағы үш жастың өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы бірнеше айдан бері қоғам назарында.

Жол апаты

 Марқұм қыздардың бірінің отбасының мүддесін бұрын қорғаған заңгер Мейірман Шекеев сотталушыны «қорғауға» тырысқан куәгерлерге қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Іс Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Еркін Майшиновтың төрағалығымен қаралып жатыр. Бұған дейін прокурор айыптау актісін оқып, ресми сараптамалардың қорытындыларын жариялаған болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы көлікті жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде басқарған. Сараптама оның қанынан 1,30 промилле алкоголь анықтаған. Сондай-ақ апат алдында оның басқаруындағы Zeekr маркалы автокөліктің жылдамдығы сағатына 219 шақырымға дейін жеткені белгілі болған.

Енді іс аясында сотталушының пайдасына жалған айғақ берді деген күдікпен кейбір куәгерлердің әрекеттері де жеке қарастырылатын болады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз